Елбасы «Қазақстан жолы — 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында елімізде мүгедектерді, ерекше білім беруді қажет ететін жандарды жұмысқа орналастыруға , білім алуға көмектесуге және олардың белсенді өмір сүруіне ықпал жасауға байланысты маңызды тапсырмалар берген болатын. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 326 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды» негізге ала отырып ерекше білімді қажет ететін жандарға кедергісіз орта құру баршамызға ортақ әрі жауапты міндет екенін ұмытпағанымыз абзал.
Қолжетімді орта құру мақсатында ауданның мектепке дейінгі және білім беру ұйымдарында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсақ, 26мектепте пандустар, тұтқалар,сары жолақтар және 5 мемлекеттік балабақшаларда талапқа сай жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар, тілінде кемшілігі бар балаларды оңалту мақсатында логопедтік пунктарды ашу жоспарда бар.
Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту-біздің қоғамның басты міндеті деп деп білеміз!