"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Өсу нүктесі” аталған мектеп директорлары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарлары үшін аудандық семинар болып өтті

07.10.2024

2024 жылдың 01 қазан күні Ерейментау қаласының Төлеу Шаханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде нысаналы мектептер мен “Өсу нүктесі” аталған мектеп директорлары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарлары үшін аудандық семинар болып өтті. Іс шара барысында “Нысаналы мектеп”, “Өсу нүктесі” атауларына түсінік берілді. «Нысаналы мектептер» жобасының негізгі мақсаты –мектептерді дамыту және қайта жандандыру.

Ағымдағы жылдың тамыз айында аталған мектептердің пән мұғалімдері үшін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ онлайн курстар өткізді. Бұл курстарда әр мұғалімнің пән бойынша оқу сапасын арттыруда әдіс-тәсілдер мен қажетті ресурстарды пайдалана білу, жасанды интеллектпен жұмыс жасау сияқты заманауи курстар өткізілді.

Біз өз тарапымыздан нысаналы мектептерге әдістемелік көмегімізді ұсынамыз. Жан-жақты функционалдық сауаттылық, жасанды интеллектпен жұмыс істеу және ақпараттық технологиялар жағынан жұмыс жүргізіледі.

 

Просмотров: 986


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст