Шәкей ауылында туып, өсіп сол ауылдың мектеп қабырғасында білім алып, ұстаздық жолын Жаңатұрмыс сегіз жылдық мектебінде тарих пәні мен география пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын ашты.
1977 жылы Торғай орта мектебінде әрі қарай ұстаздық жолын жалғастырды. Қарағанды мемлекеттік университетіне 1978 жылы түсіп, 1984 жылы аяқтап жоғары білім алып, тарихшы пәнінің мамандығы болып шықты.
Мектеп басшысы болып Торғай орта мектебінде қырық екі жыл, ал жалпы ұстаздық еңбек өтілі қырық жеті жыл еңбек еттіп сол мектептен зейнеткерлікке шықты. Будешов Жеңіс Атайұлы өзінің педагогикалық, басшылық шеберлігімен ұйымшыл ұжымды қалыптастыра біледі. Оның басшылығымен білім ошағы әрқашан да алдыңғы қатарда.
Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін шәкірттерге арнап, бойындағы бар күш - жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайтын Жеңіс Атайұлының еңбегі ерекше.
Ерейментау ауданының білім беру жүйесіне сіңірген еңбегі үшін Жеңіс Атайұлы Ақмола облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Жеңіс Атайұлына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!