14.05.2025
✏️ Отан қорғаушылар күніне орай аудан орталығында Жастар ресурстық орталығы және Білім бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептер арасында дәстүрлі “Сап түзеу және ән” байқауы өтті. Іс-шараға ауданның барлық мектептерінен жас сарбаздар қатысып, саптық дайындық, ұйымшылдық және патриоттық рух деңгейін жоғары дәрежеде көрсетті.
⚜️ Шара аудан әкімі Н. Мұқатовтың сөз сөйлеуімен басталды, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті. Ұстаздар мен ата-аналарға алғысын білдіре отырып, әскерге шақырылушыларға ерекше көңіл бөлді. Аудан әкімі әскерге шақырылушыларға естелік сыйлықтар табыстап, ақ жол тілеп, олардың Отан алдындағы борышын абыроймен атқаратынына сенім білдірді.
⚜️ Сайыс өте тартысты өтті. Әр команда жеңіске жету үшін барын салып, саппен жүру, ән айту және топтық бірліктерін жоғары деңгейде көрсетті. Қазылар алқасы байқау нәтижесі бойынша үздік шыққан командаларды бірнеше номинация бойынша анықтап, жүлдегерлерді марапаттады.
✨ Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен көрермендерге ұмытылмас әсер қалдырды. Бұл мереке – жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесінде маңызды орын алған ерекше күн болды.