"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға гранттар бөлінеді

08.08.2025

Жыл сайын облыстық бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға гранттар бөлінеді.

Бүгінгі таңда грант бойынша 786 студент оқиды. (пед – 358, мед – 423, басқалары - 5).

        2025-2026 оқу жылында кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы мынадай мөлшерде бекітіледі: - педагогикалық мамандықтар бойынша бакалавриатқа – 40, магистратураға-34;      – жылу энергетикасы – 30, агроинженерия – 10, сәулет және құрылыс – 6,ветеринария – 5, тау – кен -3, теология-2 бағыттары бойынша.

        Білім басқармасы мектептер мен колледждердің түлектерімен тиісті кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

        Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып бөлінеді.

       2025-2026 оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы келесі жоғары оқу орындарында орналастырылатын болады: «Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті» мекемесі, «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «Л.Н.Гумилев  атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті»  коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

Білім беру гранты конкурсына қатысуға құжаттарды қабылдауды ағымдағы жылдың 11-15 тамызы аралығында тікелей жоғары оқу орындары жүзеге асырады. Қабылдау аяқталғаннан кейін ЖОО талапкерлердің құжаттарын Ақмола облысының білім басқармасына береді, онда 20-25 тамыз аралығында конкурстық іріктеу өткізіледі.

 

Просмотров: 440


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст