"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жұбан Молдағалиевтің туғанына 105 жыл

15.10.2025

5 қазан – ірі эпик ақын, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтің (1920-1988 ж.) туғанына 105 жыл. Ол Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы Жыланды деген жерде туған. Жетіжылдық мектепті, Орал ауыл шаруашылығы техникумын бітірген. 1940-1947 жылы әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысты. Соғыстан кейін баспасөзде, Қазақстан Жазушылар одағында басшылық қызметтер атқарды.

Тұңғыш өлеңдер жинағы «Жеңіс жырлары» деген атпен жарық көрді. «Кісен ашқан», «Қыран дала», «Сел», «Мен – қазақпын» поэмалары үшін мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды. Оның шығармалары ағылшын, неміс, француз, испан және басқа да тілдерге аударылған. Ақынның ең танымал шығармасы «Мен – қазақпын» поэмасы қазақ халқының тарихын, ұлттық рухын асқақтатқан туынды.

1986 жылы Қазақстан Жазушылар одағында Г.В. Колбинмен кездесуде Желтоқсан көтерілісіне қатысқан жастарды батыл қолдап, олардың әділетті талаптарын қорғады.

Оның лирикалық шығармаларында Отанға деген сүйіспеншілік, қазақ тілі, ана мен әйел, махаббат, соғыс пен бейбітшілік, ұлттық рух тақырыптары көрініс тапқан.

Жұбан Молдағалиев – қазақ әдебиетінде өшпес із қалдырған тұлға.

Просмотров: 34


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст