"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

25 қараша – Қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшысы, «Алаш» партиясының жетекшісі Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл

24.11.2025

25 қараша – Қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшысы, «Алаш» партиясының жетекшісі Міржақып Дулатұлының (1885-1935 ж.) туғанына 140 жыл. Ол бұрынғы Торғай облысындағы Сарықопа болысында (қaзipгi Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты «Қызбел» ауылы) дүниеге келген. 

Әкесі Дулат көзі ашық, қолөнерге шебер, дәулетті адам болған. Анасы Дәмештен екі жасында айырылып, 12 жасында әкесі қайтыс болған соң, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленді.

Алғаш ауыл молдасынан білім алып, кейін екі сыныптық орыс-қазақ училищесін және оқытушылар курсын бітіріп, мұғалім болды. Ұстаздық ете жүріп, елдегі әділетсіздік пен отаршылдық езгінің зардаптарын көріп, ұлттық күреске бет бұрды.

1904 жылы Омбыға барып, Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлымен танысып, Алаш қозғалысына қосылды. 1909 жылы Қазанда «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағы жарық көріп, патша үкіметінің қуғынына ұшырады. 1910 жылы «Бақытсыз Жамал» атты алғашқы қазақ романы басылып шықты.

1913 жылы А.Байтұрсынұлымен бірге «Қазақ» газетін шығарып, ұлт-азаттық қозғалысты насихаттады. 1922-1926 жылдары Орынбордағы Қазақ халыққа білім беру институтында ұстаздық етті. «Есеп құралы», «Қирағат кітабы» сияқты оқулықтар жазды.

1928 жылы кеңес үкіметі тарапынан тұтқындалып, 1930 жылы 10 жылға сотталды. 1935 жылы Ақтеңіз-Балтық каналының бойындағы Сосновец лагерінде ауыр науқастан қайтыс болды.

1988 жылы толық ақталды. Бүгінде Міржақып есімімен көшелер, мектептер аталып, туған жерінде мұражайы бар, ескерткіш орнатылған.

Просмотров: 12

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст