"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2022 жылы 17 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев журналист Жайна Сламбекке мемлекеттік тілде берген сұхбатына «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директоры Б.Г. Исатаеваның пікір сөзі.

18.02.2022

2022 жылы 17 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев журналист Жайна Сламбекке мемлекеттік тілде сұхбат берді. Сұхбат барысында Жайна Сламбек көптеген қазақ халқы ел Президентінің аузынан күткен өзекті сұрақтарды қойды. Өз сөзінде Қ.К.Тоқаев қаңтардағы оқиғаларға түсініктеме беріп, бұл тәртіпсіздікті кәсіби содырлар басқарғанын атап өтті, осы қайғылы оқиғалардың барысында халық өзінің бірлігін көрсетті. Бәрінен бұрын бізде бір ғана Отанымыз және еліміздің тәуелсіздігі бар. Біздің міндетіміз-оны көздің қарашығындай сақтау. Мен мұғалім ретінде президентті қолдаймын және барша қазақстандықтарды бірлікте болуға, Тәуелсіздігіміздің нығаюына өз үлесімізді қосуға шақырамын.

Сұхбатында президент кадрлық сипаттағы мәселелерді қозғап, саяси тазалауға барудың қажеті жоқ, сонымен қатар мемлекеттік қызмет тәжірибелік алаң емес екенің айтты. Мұның бәрі біртіндеп болады деп түсіндіре отырып, президенттік жастар кадрлық резерві бар екендігіне тоқталып, оның ішінен азаматтар мемлекеттік деңгейдегі лауазымдарға тағайындалынып жатыр және мұнымен шектелуге болмайтынын айтып, басқа да адамдарға жол ашу керектігін мәлімдеді. Мектеп директоры жұмысын атқара отырып, мен 2021 жылдың күзінде жас мұғалімдер арасында президенттік жастар резервіне іріктеу жүргізілгеніне куә болдым. Демек, біздің президент алға қойған міндеттерді іс жүзінде жүзеге асырады. Біз президентке сенеміз және үміт артамыз!

Өз сұхбатында Қ.К.Тоқаев тыңдаушылардың назарын елдегі адами капитал деңгейі жоғары болуы қажет екендігіне назар аударды. Елге жоғары интеллектпен, парасаттылықпен ерекшеленетін білімді, ақылды адамдар қажет. Сондықтан мектептегі білім берудің негізгі міндеті көшбасшылық қасиеттері бар, бәсекеге қабілетті түлектерді оқытып, тәрбиелеу болып табылады.

Сұхбатында президент адамның еңбекқорлық, өзін іс жүзінде көрсете білу сияқты қасиеттері туралы мәселені қозғады. Ол жақсы мен жаманның арасындағы айырмашылықты  Абайдан артық ешкім жеткізе алмағаның  анық айтты. Абай надандықпен, «қаранғылықпен» күресіп халыққа жанашырлық көрсетіп, жастарды білімге, еңбекке, өнерге шақырды. Қазақ халқының өмірін зерттеушінің ой- пікірін терең түсіну үшін жастарды  Ұлы Абайдың қырық бес қара сөзін оқуға шақырамын.

Тіл саясаты туралы сұраққа президент: «асықпау керек, бірақта тіл реформасын жүргізу орынды,  бұл мәселеге байыпты қараған жөн. Бұған егжей-тегжейлі сараптама қажет, тіл саясаты өте сезімтал тақырып»,- деп тұжырымдай отыра,  латын әліпбиіне көшуі ретімен болатының айтты.

Президенттің берген сұхбатында оның ата-анасына деген көзқарасы маған ерекше әсер етті. Ол ата-анасына үлкен сүйіспеншілікпен және құрметпен қарағаны  «Әке туралы толғаныс» кітабында орын алған. «Әке туралы толғаныс» атты мазмұнды шығармасын жазу, ата-анасының алдындағы парызы деп есептегені. Бұл кітап өскелен ұрпақ үшін үлкенге құрмет, ата-анаға деген сүйіспеншілік және оларға қамқорлық, туған-туыстарына, достарына, жерлестеріне деген құрмет сияқты көптеген жағымды мысалдардың көзі бола алатыны сөзсіз. Президенттің айтуынша, ол көп оқиды. Менің ойымша, бұл қасиеті  балалар мен ересектер үшін де үлгі.

Журналисттің тұнғыш президент туралы қойған сұрағына, Қ. Тоқаевтың жауабы келесідей болды. Н.Ә. Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуымен дамуына қосқан үлесін жоққа шығаруға болмайды,  ендеше ол тарихқа қиянат жасағанымыз болады. Тұнғыш президенттің жасаған кемшіліктері мен қателіктері жас көшбасшылар үшін үлкен сабақ.

Біз, Тәуелсіз Қазақстанның тұрғындары, еліміздің бүгіні мен болашағы тек үкіметке ғана емес, әрқайсымызға,  еліміздің игілігі жолындағы еңбегімізге де байланысты екенін ұмытпауымыз керек. Егер біз әділ қоғам мен тиімді мемлекет құрғымыз келсе, онда әділеттілік пен лайықты еңбек принципін басшылыққа алуымыз қажет.

Пікірімді қорытындылай келе, президенттің берген сұхбатын біз, білім беру саласының қызметкерлері, өскелен ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін іске асыру үшін толық көлемде пайдалана аламыз.

 

«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директоры Исатаева Б.Г.

Просмотров: 471


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст