2022 жылдың 5 сәуірінде Ерейментау қаласының №1 тірек мектебінде 7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану–математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты-дарынды балаларды анықтау және қолдау. Олимпиадаға ауданның 11 жалпы білім беретін мектептерінен 92 оқушы қатысты. Қазылар алқасының шешімі мен қорытындысы бойынша облыстық кезеңге 6 оқушы ұсынылды : биология пәнінен Ерейментау қаласының№1 ЖББМ 7 сынып оқушысы Киселева Елизавета және Н.Смағұлов атындағы мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы Сатвалдинова Аида ; химия бойынша Торғай ауылының ЖББМ 7 сынып оқушысы Ақансеріқызы Аяужан және Новомарковка ауылының ЖББМ 8 сынып оқушысы Садриев Наиль; математика бойынша Өлеңті ауылының ЖББМ 7 сынып оқушысы Дүйсек Назым және Н.Смағұлов атындағы мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы Ерке Илья.