"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі үйірмелер мен секциялардың келесі түрлеріне балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру туралы хабарлайды

15.04.2022

Үйірмелер/секциялар түрлері

  1. ұлттық (халықтық) билер;
  2. бал билері;
  3. заманауи (эстрадалық) билер;
  4. хореографиялық ансамбль;
  5. эстрадалық вокал;
  6. киімдерді үлгілеу, пішу, тігу;
  7. ішекті аспаптар;
  8. кескіндеме, сурет салу;
  9. кестелеу;
  10. көркем фотосурет;
  11. Бисермен өру;
  12. Ағаш ою;
  13. графика;
  14. Мүсіндеу;
  15. компьютерлік графика;
  16. Шығармашылық шеберхана;
  17. көркем гимнастика;
  18. классикалык волейбол;
  19. каратэ;
  20. таэквандо WTF;
  21. жүзу;
  22. тоғызқұмалақ;
  23. футбол;
  24. гандбол;
  25. шахматы;

Ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін:

  1. ұлттық (халықтық) билер;
  2. ішекті аспаптар;
  3. эстрадалық вокал;
  4. Кескіндеме, сурет салу;
  5. кестелеу;
  6. бисермен өру;
  7. Мүсіндеу;
  8. компьютерлік графика;
  9. шығармашылық шеберхана;
  10. көркем гимнастика;
  11. жүзу;
  12. шахмат;
  13. футбол.

Жобаға қатысқысы келетін ұйымдар ағымдағы жылдың 25 сәуіріне дейін (қоса алғанда) білім бөліміне (аумағы бойынша) келесі құжаттарды тапсыруы қажет:

  1. «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесіне нысан бойынша енгізу туралы білім бөлімі басшысының атына өтініш (қосымша 1);
  2. комиссия төрағасының атына нысан бойынша өтініш (қосымша 2);
  3. нысан бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысына қатысу туралы ұйымның мәліметтері (қосымша 3);
  4. құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімнен ерте емес күні бар ғимараттың (үй-жайдың) сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі;
  5. заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі;
  6. Ұйымның жарғысы (Ереже, құрылтай шарты);
  7. тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшерде құжаттар тапсырылғанға дейін бір ай бұрын салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқтығы туралы мәліметтер;
  8. жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ұйым пайдаланатын жалға алу шартының көшірмесі;
  9. балаларға арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламалары;
  10. педагогтердің педагогикалық немесе кәсіптік білімі туралы құжаттарының көшірмесі;
  11. педагогтердің біліктілік деңгейі туралы нысан бойынша мәліметтер, сондай-ақ педагогтің біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлігі қоса беріледі (қосымша 4);
  12. Ұйымның жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың (бар болса) (жарғыға, құрылтай құжаттарына, келісімшартқа сәйкес) көшірмелерінің немесе Ұйымның тәжірибесінің жоқтығы туралы хаттың болуы.

Аталған құжаттар нөмірленеді, тігіледі, ұйым басшысы қол қояды, мөрмен (бар болса) немесе басшының қолымен расталады.

Нысандар сілтемеде қоса беріледі:/public/files/2022/4/15/150422_095242_obyyavlenie-o-gosudarstvennom-zakaze-1.pdf 

/public/files/2022/4/15/150422_095957_obyyavlenie-o-gosudarstvennom-zakaze-1.docx

Просмотров: 525


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст