"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«БІЛІМДІ ҰЛТ: ТЕРЕҢ БІЛІМ, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ ҚАСИЕТ»

27.08.2022

Ерейментау ауданының әкімі Абай Еламанович Альжановтың қатысуымен білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз форумы өтті.

Биылғы форум «БІЛІМДІ ҰЛТ: ТЕРЕҢ БІЛІМ, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ ҚАСИЕТ» деп аталды.

Тамыз кеңесіне аудандық және қалалық білім ұйымдарының басшылары мен орынбасарлары қатысты.

Кеңесте дәстүрлі түрде аймақтық білім беру жүйесінің өткен оқу жылындағы жұмысы қорытындыланып, жаңа оқу жылына арналған аудандық білім беру жүйесі жұмысының стратегиялық бағыттары анықталды.

Конференция барысында үздік педагогтарды марапаттау рәсімі өтті.

Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен Күншалған ауылының жалпы орта білім беретін мектеп директоры Гульмира Амантаевна Сагинбаева марапатталады.

Ақмола облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен: Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жулдыз Аманжоловна Абильдинова, Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің денешынықтыру пәні мұғалімі Мырзат Айдос, Ерейментау қаласының Насыр Смағұлов атындағы мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі Алмагуль Боташевна Туленова, Сілеті ауылының жалпы орта білім беретін мектеп директоры Дана Темиршотовна Иманбалинова, “Болашақ” бөбекжайының тәрбиешісі Гүльсум Рамазановна Джунуспекова марапатталды.

Ақмола облысы білім басқармасының Алғыс хаты: Ерейментау қаласының “Сказка” бөбекжайының әдіскері Арман Нурланович Нурмухаметовке, Малтабар ауылының Перуаш Кәрімұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Маржан Бабаевна Омароваға, Олжабай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Серғазы Жадыраға, Ерейментау қаласының Насыр Смағұлов атындағы мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Каламкас Темиржановна Исинаға, Ажы ауылының орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі Бахытжамал Кабделманатовна Каржаспаеваға ұсынылды.

Просмотров: 3070


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст