"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2022 жылғы 17 қазанда білім бөлімінің әдістемелік кабинеті жаратылыстану-математикалық цикл мұғалімдерінің пәндік қауымдастықтарымен бірлесіп озық педагогикалық тәжірибені жинақтау бойынша вебинар өткізді.

22.10.2022

Вебинардың модераторлары білім бөлімінің әдіскері Айгүл Рашидқызы Ахметова және биология және химия мұғалімдері қауымдастығының жетекшісі  " Н. Смағұлов атындағы мектеп-лицейі" КММ биология және химия пәнінің мұғалімі Забиякина Оксана Сергеевна болды.

Вебинар барысында келесі мұғалімдердің жұмыс тәжірибесі ұсынылды:

1. ПОПОВА ОЛЬГА ВАЛЕРЬЕВНА - "Новомарковка ауылының Балабек Жахин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ Биология және химия пәнінің мұғалімі. Тақырыбы "Химия және биология бойынша білім беру сапасын арттыру құралы ретінде жиынтық бағалаудың авторлық тапсырмаларын құрастыру"

2. МАКАШЕВА МАРЖАН СОЛТАНБЕКҚЫЗЫ-Ерейментау қаласының "Насыр Смағұлов атындағы мектеп-лицейі" КММ физика пәнінің мұғалімі. Тақырыбы: "Қазырғы таңда физика пәнін  оқудың өзекті мәселелері"

3. ТУЛЕНОВА АЛМАГҮЛ БОТАШҚЫЗЫ-Ерейментау қаласының "Насыр Смағұлов атындағы мектеп-лицейі" КММ география пәнінің мұғалімі. Тақырыбы "География сабақтарында зерттеу қызметін дамыту"

4. ИСАТАЕВА  БАКИТ ГАПБАСОВНА - "Еркіншілік ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ география пәнінің мұғалімі. Тақырыбы "PISA тапсырмалары арқалы география пән бойынша оқушының функционалдық сауаттылығын артыру" .

5. Исина Халамкас Темиржановна- Ерейментау қаласының "Насыр Смағұлов атындағы мектеп-лицейі" КММ химия,биология  пәнінің мұғалімі. Тақырыбы «Химия пәнінен функционалды сауаттылықты арттыруға арналған есептер».

Ұсынылған жұмыс тәжірибесі озық педагогикалық тәжірибенің барлық критерийлеріне сәйкес келеді, ең бастысы оқушылардың білім сапасын арттыру, олардың зерттеу дағдыларын, сыни ойлауын және басқа да пәнаралық құзыреттіліктерін дамыту үшін жұмыс істейді.

Вебинар қорытындысы бойынша барлық мұғалімдер оң шешім қабылдады: олардың жұмыс тәжірибесі жинақталып, аудан бойынша ОПТ деректер банкіне енгізіледі, сондай-ақ облыстық оқу-әдістемелік кабинетіне  жалпылауға ұсынылады.

Облыстық деңгейде жұмыс тәжірибесін жинақтау кезінде мұғалімдерімізге сәттілік тілейміз!

Просмотров: 375


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст