"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2-7 сынып оқушылары арасында шығармашылық жұмыстары бойынша "Зерде" байқауының облыстық кезеңінде біздің ауданымыздың оқушыларының жетістіктері

09.11.2022
2022 жылдың 6-8 қараша аралығында  Көкшетау қаласында №4 дарынды балаларға мамандырылған мектеп-интернатының базасында 2-7 сынып оқушылары арасында шығармашылық жұмыстары бойынша "Зерде" байқауының облыстық кезеңі өтті.
Іріктеу кезенінен өтіп, байқауға  біздін  ауданнан 6 оқушы қатысты. Қорытындысы бойынша жүлделі 2 орынға екі оқушы иеленді. Олар: Новомарковка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Айтбаев Бекарыс  (жетекшісі Шушакова Анар Айтпаевна) және Ерейментау қаласының Насыр Смағулов атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Амантай Нұрай (жетекшісі Тауқұдретова Жанар Алгалиевна). Жүлделі 3 орынға Ерейментау қаласының Төлеу Шаханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Кожушный Алан ие болды (жетекшісі Деревянченко Ирина Владимировна). Қалған 3 оқушыға сертификаттар табысталды. Олар Ақмырза ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Сабитов Даниал (жетекшісі Абакова А.Т.), Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Болатбекқызы Париза (жетекшісі Исабекова А.У.) және Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Хилько Дамир (жетекшісі Орумбасар Сулейменовна). 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Просмотров: 370


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст