"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата - аналарға арналған "Сот медиациясының дамуы және проблемалық мәселелері" тақырыбындағы жалпы мектептік семинар-тренингтер және "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу" және "Соттағы татуластыру рәсімдері" тақырыбындағы дәрістер

22.12.2022
Ерейментау аудандық сотының 2022 жылдың 7 желтоқсанындағы  №1146-22-5-21/1671 шығыс хаты негізінде  «Сот медиациясының дамуы және проблемалық  мәселелері» тақырыбында семинар-тренинг өткізу мақсатында  ағымдағы жылдың 20 желтоқсан күні Татуластырушы судьялар мен медиаторлар оқу-тәрбие процессінің  нәтижесінде туындауы мүмкін құқық бұзушылықтар мен даулардың алдын алу үшін психологтармен ювеналды полиция қызметкерлерімен  Ерейментау қаласының Насыр Смағұлов атындағы мектеп-лицейінде және  Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейінде  жалпы мектепішілік ата-аналар жиналыстары өткізілді. Жиналысқа  Ерейментау аудандық сотының төрағасы  Ғұмарбек Жұмабайұлы Сисинғалиев, Ерейментау аудандық сотының судьясы Усенов Жанәділ Абылайұлы, Ерейментау аудандық прокурорының орынбасары Алибаев Жасұлан Қуанышұлы, Ерейментау аудандық полиция басшысының  бірінші орынбасары Матаев Даулетхан Умарханұлы, Ерейментау полиция бөлімінің ювиналдық полиция тобының участкелік полиция инспекторы Керейбаев Медет Байтенұлы, Ерйментау ауданының бий кеңесінің  өкілдері Жақып Қайркен Блялұлы мен Абдин Төлеген Әжібайұлы  қатысты. 
Баяндамышылар: «Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу» және «Соттағы татуластыру рәсімдерді» тақырыбында дәріс оқыды . Кәзіргі уақытта қоғамда жасөспірімдер арасында орын алатын қылмыстар туралы айтып, 16 жастан бастап жасалған құқық бұзышылықтар туралы жауапкершілік туралы түсіндерді. Татуластыру рәсімдерін дамыту -  дауларды реттеудің және бұзылған құқықтар мен заңды азаматтар мен заңды тұлғаларды қорғаудың басым бағыттарының бірі болып табылады.Татуластыру рәсімдері деп тараптардың еркіне негізделген жанжалдарды өзара қолайлы шешуге бағытталған құқықтық дауды шешу әдістері түсініледі. Татуластыру рәсімдерін дауды реттеу кезеңіне қарай атқарушылық іс жүргізуде қолданылатын сотқа дейінгі, соттан тыс, соттағы және татуластыру рәсімдеріне бөлуге болады.
Қазақстан Республикасының заңнамасы жанжалдаушы тараптарға туындаған даудың кез келген кезеңінде, сотқа жүгінгенге дейін де, істі сотта қарау барысында да немесе оны қарағаннан кейін де дауларды бейбіт жолмен реттеуді пайдалануға мүмкіндік береді. 
Медиация-тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі.
Медиацияны қолдану тараптардың жазбаша келісімі негізінде жүзеге асырылады. 
Барлық мәселелер талқыланып  ата-аналармен пікірлесу, сұрақтар бойынша талдаулар жргізілді. Ата-аналар өз сұрақтарына жауап алып, ұсыныс, пікірлері мен бөлісті.
Просмотров: 339


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст