Текст
"АНА. ҚОҒАМ. БОЛАШАҚ" 2020 жылдың қантар айының 10 күні Ерейментау ауданы білім бөлімінің оқу-әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес " Ана. Қоғам. Болашақ" атты аналар форумы өтті, оған Қазақстан Парламенті Мәжілісі депутаты Майра Арапқызы Айсина қатысты. Бұл форумның негізгі мақсаты - бүгінгі қоғамдағы аналардың рөлі, отбасылық құндылықтар, ұрпақ тәрбиемі жайлы сөз қозғалды. Форумның қорытынды шарасы "Ана-бақыттың алтын бағы" атты шығармашылық кеш болды. Кеш қонағы - белгілі айтыске-ақын Жадыра Құтжанқызы жыр оқып, домбырасын күмбірлетіп ән шырқады.