Текст
2020 жылдың 22 қаңтар күні Бөгенбай батыр атындағы ҚОМ негізінде Ерейментау ауданы білім бөлімі және мектеп директорларының қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында "Педагог мәртебесі туралы", мұғалімдердің аттестациясы, ашық сабақтардың өткізілуі, әлеуметтік желінің жұмысы, қорытынды аттестациялау, "Алтын белгі" иегерлерінің емтихан жұмыстарын тексеру туралы, жаппай білім беру қоры, ҰБТ 2020ж. дайындығы туралы, №64 қаулыдағы өзгерістер туралы және басқа да түрлі мәселелер талқыланды.