Текст
2020 жылдың 13 ақпан күні Бөгенбай батыр атындағы ҚОМ негізінде әдістемелік кеңес өтті. Кеңес барысында 9-сынып оқушыларының аттестаттау туралы, "Ел үміті" бағдарламасын іске асыру туралы, педагогикалық этика жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы, "Педагог мәртебесі туралы" ҚР Заңынан туындаған нормативтік құқықтық актілер туралы, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметін реттеу туралы және тағы да басқа мәселелер талқыланды. Кеңеске аудан мектептерінің директортың оқу ісі мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.