Текст
2020 жылдың 25 ақпан күні №1 ОМ негізінде Ерейментау ауданы әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 2-сынып оқушыларының арасында "Менің Отаным" тақырыбында мәнерлеп оқу, "Үздік каллиграфия" бойынша олимпиада өтті. Олимпиада жас ұрпақты сауатты, мәнерлі, көркем жазуға машықтандыру, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, еңбексүйгіштікке баулу мақсатында өтті. Осы олимпиаданың бастауыш сыныптары арасында өткізілуіне себепші болған аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Катима Сапарбекқызы Аубакирова.