Текст
2023 жылғы 4-15 қыркүйек аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ «Ақмола облысы бойынша кәсіптік даму институты» филиалы Ерейментау ауданының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Математика, қазақ тілі және әдебиеттік оқу пәндері бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту»тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізуде. Курстың жаттықтырушысы аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі Мукушева Қаракөз Серікқызы.
Курсқа 25 мұғалім қатысуда.