Текст
2023 жылдың 8 қыркүйек күні Ерейментау қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің қабырғасында 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану–математикалық бағыттағы пәндер бойынша ХІV Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңі өтті.
Олимпиадаға ауданның 10 жалпы орта білім беретін мектебінен 23 оқушы қатысты. Қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай алган 4 оқушы облыстық кезенге қатысады. Олар: Ерейментау қаласының№1 ЖОББМ оқушысы Амантай Мөлдір (50 ұпай), Н.Смагулов атындағы мектеп-лицейінің оқушылары Искакова Дамира және Куттыбаева Алтынай (47 ұпай); Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Кенесов Мадияр (45 ұпай).
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!