Текст
2020 жылы 23 қазанында, бір күн ішінде ауданымыздың орта және негізгі мектептерінде 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасын математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшынтілі, Қазақстан тарихы пәндері бойынша мектепішілік кезеңі өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын анықтау және арттыру, дарынды балаларды қолдау үшін кажетті жағдайлар жасау.
Біздің ауданымыздың мектептерінен Олимпиадаға 498 оқушы қатысып, әр білім ұйымдарының әділ қазылар қорытындысы бойынша, 78 оқушы бірінші жүлделі орынға ие болып аудандық кезеңіне ұсынылды.
Авторы: Ахметова Айгүл Рашидқызы - АӘК-ң әдіскері.