Текст
2020 жылдың 8 желтоқсанында жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында VII Республикалық "Ақберен" онлайн өнер байқауының облыстық кезеңі өтті.
Конкурстың негізгі мақсаты: оқушылардың гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласындағы кәсіби қызметті таңдауға шығармашылық қабілеттерін анықтау, талантын, тапқырлығын, шығармашылығын көрсету, олардың шығармашылық қабілеттерін қолдау және одан әрі дамыту болып табылады.
Байқау онлайн режимінде 6 номинация бойынша өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша "Эссе жазу" номинациясынан №2 орта мектеп- лицейінің 8-сынып оқушысы Бекбергенова Гульназ І дәрежелі дипломмен марапатталды (мұғалімі Жапабаева Гүлден Әкімханқызы).
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!