Елбасының бастамасы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Елбасы Академиясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен "Ел Үміті" талантты жастарды анықтау және қолдау мақсатында "Мың бала" жобасын өткізді.
Олимпиада екі кезеңде өтті. Бірінші кезең ағымдағы жылдың ақпан айында сырттай өтіп, еліміздің барлық ауыл мектептерінен 5 және 6 сыныптардың 295 мың оқушысын қамтыды. Нәтижесінде 1685 ауыл мектебінен 5002 қатысушы іріктелді. Олимпиаданың екінші кезеңі 2020 жылғы 21-22 тамызда қатаң карантиндік нормаларды сақтай отырып, 19 Назарбаев Зияткерлік Мектебі мен аудан орталықтарындағы 34 пункт базасында өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша 1000 жеңімпаз іріктеліп алынды, олардың арасында Ерейментау ауданының білім алушылары да бар. Олар: Торғай орта мектебінің 5 сынып оқушысы Шарилан Айгерім мен 6 сынып оқушысы Сатаев Айдосхан және Еркіншілік орта мектебінің 6 сынып оқушысы Даулетқызы Баян. Жеңімпаздар дипломмен марапатталып , Нұрсұлтан Назарбаев қоры атынан ноутбуктар сыйға тартылады.
Жеңістеріңізбен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға, педагогтар мен ата-аналарға денсаулық, табыс тілейміз!
Ахметова А.Р.- АӘК-ң әдіскері