25.12.2020
📖Мұғалімдер мен ата-аналардың пікірін ескере отырып, кезекші сыныптардағы дәстүрлі форматта оқуға мүмкіндігі жоқ оқушыларға мұғалімдердің қалауы бойынша жеке консультациялар өткізу мүмкіндігі туралы шешім қабылданды.
📖Консультациялық сабақтарды өткізу үшін бес адамға дейінгі топтар құрылатын болады. Қабылданған шешім міндетті түрде бес адамнан тұратын топ құрылып, мектеп оқушыларына консультация жүргізілуі керек дегенді білдірмейді. Бұл қашықтан білім беру бойынша жасалған мониторинг нәтижелеріне негізделген ұсыныстар. Сондықтан осы мәселелер бойынша мектеп өзара ақылдаса отырып, шешім қабылдауы керек.
📖Мектеп директорлары консультациялық сабақтарды жүргізуге тыйым салмауы немесе мәжбүрлемеуі керек.