Жалпыға міндетті оқу қоры әр мектепте қарастырылған және әлеуметтік осал санаттағы балаларды қолдауға арналған.
Ағымдағы оқу жылында аталған қордан 581 бала материалдық көмек алды.
Бірінші кезекте-мемлекеттік атаулы көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан мектеп жасындағы балалар және табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар. Сондай-ақ, көмек жетім балаларға және төтенше жағдайға тап болған отбасылардан шыққан балаларға көрсетіледі.
Егер әртүрлі себептер бойынша отбасы жалпыға міндетті оқу қорының өлшемдеріне сәйкес келмесе, онда көмекке мұқтаж балалар оны мектептің қамқоршылық кеңесінің шешімі бойынша ала алады.
Егер әртүрлі себептер бойынша отбасы жалпыға міндетті оқу қорының өлшемдеріне сәйкес келмесе, онда көмекке мұқтаж балалар оны мектептің қамқоршылық кеңесінің шешімі бойынша ала алады. Балалар бір реттік тамақтану, кеңсе тауарлары, мектеп және спорттық киім, аяқ киім, сондай-ақ мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға қатысуға көмек алады.
Сонымен қатар Ерейментау ауданында «Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасуда.
Ерейментау ауданының әкімдігі мен демеушілердің атынан 80 баланы, "ALTYN JUREK EREIMEN" қайырымдылық қоры түлектер клубтарымен бірлесе отырып, 73 баланы, «Ақ-жол» демократиялық партисы 24 баланы мектеп заттарымен және «Мектепке жол» бағдарламасы бойынша кеңсе тауарларымен қамтамасыз етті.
Бұл акцияның мақсаты - оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басына дайындық кезінде қолдау көрсету болып табылады.
Дәстүрлі акцияны өткізу қоғамның ел болашағына ерекше көңіл бөлуінің дәлелі болып табылады, Қазақстандық балалардың өсіп келе жатқан және белсенді дамып келе жатқан ұрпағын рухани-адамгершілік тұрғыда жетілдірудің үлкен жолының жалғасы болып табылады.