03.02.2022
Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің білім беру ұйымдарында 2021-2022 жылғы 1-11 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігі өтуде.
Аталған онкүндік аясында барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында бір уақытта «Сүйіспеншілік жолындағы өмір» тақырыбында республикалық бірыңғай өзін-өзі тану сабақтары өтуде. Сабақтың мақсаты: білім алушылардың «сүйіспеншілік» жалпыадамзаттық құндылығы туралы түсініктерін «қоғамға қызмет етудің» мәні мен мағынасын ашу арқылы кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
- «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы Сара Алпысқызының қоғамдық қызметін үлгі ету арқылы «қоғамға қызмет ету» түсінігінің мәні мен мағынасын ашу, оқушылардың қоғамға пайдалы қызметтерінің нәтижесін талдау;
- шығармашылық жұмыстарды орындауда өзінің өмірлік ұстанымын көрсете білу дағдыларын дамыту;
- өз істерінде жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып адамдарға, табиғатқа көмек көрсетуге тәрбиелеу.