Конкурс қатысушыларына қоятын негізгі талаптар:
1) осы Қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия төрағасының атына жазылған өтініш;
2) заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтама және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтама;
3) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке (жекеменшік немесе жалға алынған) құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесі;
4) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі;
5) медициналық кабинетке лицензияның көшірмесі немесе бекітілген орнын ескере отырып, емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шарт;
6) Заңға сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармаларының, аудандарда, қалаларда орналасқан білім бөлімдерінің жолдамасымен ғана мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесі. Жеткізуші осы Қағидаларға 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады;
7) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарының көшірмелері.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Анықтама үшін телефон нөмірі 2-44-11, ereymentau_roo@mail.ru электрондық пошта мекен-жайы.
Бекітілген конкурс құжатын сілтеме бойынша жүктеуге болады: /public/files/2022/3/24/240322_173404_erkinshilik-1.pdf