27.04.2022
«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі» ММ тәрбие жұмысы жөніндегі жоспарына сәйкес аудан мектептерінің оқушылары арасында кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және балалар жарақаттануының алдын алу мақсатында тұрақты негізде осындай жағдайларға жол бермеу үшін әңгімелесу түрінде, ата-аналар жиналысын, сынып сағаттары жұмыс жүргізіледі, ай сайын мектеп психологтары балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін уақтылы анықтау мақсатында сауалнама жүргізеді.
Білім беру ұйымдарының және білім беру бөлімінің барлық ресми сайттарында, сондай-ақ әлеуметтік желілердің аккаунттарында қорғаншылық және қамқоршылық органының байланыс телефондары көрсетілген баспасөз парағы орналастырылған, сонымен қатар барлық мектептерде сенім жәшіктері бар.
Жоғарыда көрсетілген жұмыс тұрақты негізде жүргізілетін болады.
егер Сізге кәмелетке толмағандарға қатысты құқықтарды бұзу, зорлық-зомбылық немесе қатыгез қарым-қатынас жағдайлары туралы белгілі болса, төменде көрсетілген байланыстар бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:
Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы С.М. Куркина
жұмыс тел: 8 (716) 33 – 2 – 44 – 11
ұялы тел: 8 – 702 – 489 – 24 – 75
Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі бас маман Арипова Ж.М.
жұмыс тел: 8 (716) 33 – 2 – 2 0 – 16,
ұялы тел 8 – 771 – 536 – 73 – 28