Текст
2020 жылдың қаңтар айының 4-7 аралығында республикалық пәндер олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Ауданымыздан барған қатысушылар жақсы дайындықтары мен білімдерін көрсете білді. Кілең жүйріктер жиналған бұл білім додасында орыс тілі пәні бойынша үздік шыққан Төлеу Шаханов атындағы №3 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Доценко Валерия жүлделі 3-орынға қол жеткізді. Биология пәнінен өз білімімен көзге түскен Н.Смағұлов атындағы №2 орта мектеп-лицейінің 9- сынып оқушысы Власенко Дарья білім басқармасының грамотасымен марапатталды.