Текст
2023 жылдың 13 қазан күні Ерейментау қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында 7-8 сынып оқушылары арасында география пәні бойынша Ұлттық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті.
Олимпиадаға ауданның мектептерінен 68 оқушы қатысты. Қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай алган 4 оқушы облыстық кезенге қатысады. Олар: Новомарковка ауылынын ЖОББМ-ң 8 сынып оқушысы Еркін Нұрәлі; Еркіншілік ауылының ЖОББМ-ң 8 сынып оқушысы Құсайын Ақеділ; Н.Смагулов атындағы мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Слямханов Алмас; Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Бауыржанұлы Мирас.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!