"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚЫМБАТТЫ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ, ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ!

09.05.2020

ҚЫМБАТТЫ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ, ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ!​

Сіздерді бүкіл адамзат қауымына аса қымбат мереке
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ұлы Жеңіс – аға ұрпақтың ерлігін мәңгілік ел есінде сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Баршамыз үшін бұл күннің орны да, орайы да бөлек.

Сіздер сұрапыл соғыстың соқпағынан өтіп, Отан деп от пен суға түсіп, кең байтақ жерді қорғадыңыздар. Ерліктің ерен үлгісін танытып, бүгінгі бейбіт күн үшін жасаған өлшеусіз ерліктеріңіз мәңгі ұмытылмайды. Бұл Жеңіс – бүкіл соғысқа қатысушылар және тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен қайсар рухының жеңісі.

Міне, содан бері талай ұрпақ жаңғырып, заман жаңарды. Әйтсе де, сол бір сұм соғыс салған өшпес із әлі күнге дейін жүрегімізді сыздатады, жанымызды жабырқатады… Қасірет пен қайғысы ел қабырғасын қайыстырып, еңсесін езгілеген бұл соғыс жайлы айтып та, жазып та тауыса алмаспыз.

Егемен елі барда ерлер есімі ешқашанда өшпейді.

 Құрметті ардагерлер, тыл еңбеккерлері!

 Бүгінгі өскелең ұрпақты береке-бірлікке, тату-тәтті тірлікке тәрбиелеу ісіне белсенді ат салысып ортамызда аман-есен жүре беріңіздер. Сіздер жасаған ерлік ешқашан өшпейді. Ол ұрпақтар есінде мәңгі сақталады

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

Просмотров: 422


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст