Текст
30.09.2020
Жаңа оқу жылының ерекшеліктері туралы Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде @rsk_akmola өткен брифингте баяндады. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, облыстағы 555 мектептің ішінде 28 025 оқушыдан тұратын 387 ауылдық шағын жинақты мектептер (оқушылардың жалпы санынан 21.5%) тұрақты режимде, қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып жұмыс істеуде. Ал 168 мектеп қашықтықтағы режимде, сондай-ақ, бастауыш сынып оқушылары ата-аналардың қалауы бойынша кезекші сыныптарда оқуда. Бүгінгі күні 39 087 оқушысы мен 2 606 мұғалімі бар 3 167 кезекші топ жұмыс істейді. «Біздің облыста мұғалімдер Daryn.online, Bilimland білім беру платформаларына басымдық берді, оларға Ақмола облысының аудандары мен қалаларындағы барлық мектептер қосылған. Дегенмен, мұғалімнің басқа да платформаны пайдалануға толықтай құқығы бар», - дейді Бейбіт Жүсіпов. Атап өту керек, қашықтықтан оқитын 63 019 оқушының 4 732-нің интернетке қосылуға мүмкіндігі болмаған, бүгінде олар роутер, «Білім» тарифтік жоспарымен ұялы байланыс операторларының ұялы интернеті бар флэш-карталармен қамтамасыз етілді (құны айына 990 теңге). Ағымдағы жылы 2 422 дана компьютерлік техниканы сатып алу қажеттілігіне сәйкес, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жергілікті бюджеттен 492,6 млн. теңге бөлініп отыр. Қазіргі таңда 438 мектепке дейінгі ұйымдарда 1 295 кезекші топтар ашылды, олар 14 650 баланы немесе 47,6% қамтиды. Сонымен қатар, халықты ақпараттандыру және уақытылы жауап беру үшін білім басқармасы өзінің барлық байланыс нөмірлерін жариялады. Әрі жедел жауап беріп, даулы мәселелерді шешу мақсатында сенім телефонының жұмысы ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, қабылданған шешімдердің барлығы тікелей мектеп директорларына берілуі үшін арнайы чаттар құрылған. Басты басымдық - балалар мен мұғалімдердің өмірі мен денсаулығын сақтау, сондықтан дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз ету бірінші кезекте тұр. Сол себепті, ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап Ақмола облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен бірлескен бұйрыққа сәйкес мониторингтік топтар құрылған. #Брифинг #RSK_Aqmola
22.09.2020
Құрметті Ерейментау ауданының тұрғындары! 2020-2021 оқу жылы барысындағы барлық білім беру саласына қатысты сұрақтар бойынша білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Сәуле Мейрамқызы Куркинаға ХАБАРЛАСУҒА БОЛАДЫ!
02.09.2020
2020-2021 оқу жылына арналған Ерейментау ауданының орта мектептерінің оқушыларын оқулықтармен толық қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 11 сынып оқулықтарын сатып алуға, сондай-ақ 5-8 сынып оқулықтарын, инклюзивті, үштілді білім беруге арналған оқулықтарды қосымша қаржыландыруға қаражат бөлінді. Қазіргі кезде 1-11 сынып оқушылары оқулықпен 100% қамтамасыз етілген. Барлық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің электрондық нұсқалары ҚР БҒМ сайтында орналастырылған және жүктеуге қол жетімді https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/ Егер сіз оқулықтардың тапшылығын немесе жетіспеушілігін тапсаңыз, кітапхана қоры әдіскерінің нөміріне хабарласуыңызға болады Тел. 8-716-33-50468
01.09.2020
Құрметті ұстаздар,ата-аналар, оқушылар! 1 қыркүйек - Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылында сіздерге денсаулық, сәттілік тілейміз!
27.08.2020
"ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА!" мемлекеттік бағдарлама
18.06.2020
Ақмола облысы Ерейментау қаласы Бөгенбай батыр атындағы ҚОМ
11.06.2020
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында аудандық білім бөлімінің оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен және Торғай ауылдық округінің әкімі Аубакиров Марат Қанатұлының қолдауымен, Ерейментау жерінің киелі жерлеріне саяхат жасалды.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында аудандық білім бөлімінің оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен және Торғай ауылдық округінің әкімі Аубакиров Марат Қанатұлының қолдауымен, Ерейментау жерінің киелі жерлеріне саяхат жасалды. Саққұлақ би, Олжабай батыр...
03.06.2020
Бүгін Ерейментау ауданының барлық орта білім беру мекемелерінде "Жас түлек 2020" соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті.2019-2020ж оқу жылында аудан бойынша 7 оқушы "Алтын белгі", 8 оқушы қызыл аттестат иегерлері атанды. " Жас түлек 2020" сәтті сапар!
03.06.2020
"Қауіпсіз коникул - 2020". Ата аналарға арналған жадынама!
03.06.2020
Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында өткен Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған шахмат бойынша облыстық қашықтық турнирдің қорытындысы
#Repost @aqmoedu.kz
Мақсаты: балаларды шахмат сабақтарына тарту, интеллектуалды спорт түрлерін дәріптеу.
Өткізу мерзімі: 2020 жылғы 29-30 мамыр.
92 қатысушы: оның ішінде 61 ұл және 31 қыз.
16 жасқа дейінгі жасөспірімдер:
1 орын - Кенжин...